• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Тамыз, 2018

Павлодарда жағалаулардағы рейдтер жалғасуда

309 рет
көрсетілді

Павлодар облысында шомылу маусымы аяқталып келеді, бірақ Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері демалушы халықпен профилактикалық жұмыстарын жалғастыруда. Жағалауларда және шомылуға рұқсат етілмеген жерлері бойынша құтқарушылар рейдтерді жалғастыруда.

Шомылу маусымының басынан бастап (ағымдағы жылдың 1 маусымнан бастап 20 тамызына дейін) төтенше жағдайлар бөлімінің, жедел құтқару жасағының, «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ, жергілікті полиция қызметінің, жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен бірігіп демалыс күндері 335 рейд және потрульдеу жасалып, 30 мың адамды қамтумен соншама жадынама таратылды.  Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірге жауапкершілікке 190 адам тартылды, олардың ішінде 364 бап бойынша 50 адам ескерту алды.

Ал 140 азаматқа, 440 бап бойынша жалпы құны 1 364 937 теңгеге айыппұл жасалды. Негізінен қоғамдық тәртіпті бұзу және спирттік ішімдіктерді ішкені үшін болды. Рейдтерге бұқаралық ақпарат құралдары бірнеше рет қатысты.

Жедел құтқару жасағының басшысы В. Власов осы жылғы шомылу маусымында қатты ыстық ауа-райынан судағы жазатайым оқиғалар көбейді. Қолданылған шараларға қарамастан суда 22 адам батып кетті, оның ішінде жетеуі кәмелеттік жасқа толмаған балалар деп атап өтті.

Алайда, мәселе статистикада емес, тіпте егер де жалпы жылына бір адам қаза болса да, ол оның туғандарына жұбаныш болмайды. Егер де  барлық келушілер су айдындарындағы қарапайым судағы қағидаларды сақтаса, осы су айдындарындағы барлық қаза болған оқиғалардан жол бермеуге  болатын еді.

Барлық қаза болған оқиғалар шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде, басқа сөзбен айтқанда, құтқарушылар жоқ жерде болды. Өкінішке орай, осындай жерлерге сүңгуірлер қаза болған адамдардың денелерін алып шығуға келеді. Одан басқа,  осы жылғы суға батып кеткендердің  90 пайызы демалыс кезінде мас күйінде болды.

Ал ең қайғылысы, осы екі басты жазатайым оқиғалардың себептері, шомылуға рұқсат етілмеген жерлер және алкоголь өзара байланысты. Өйткені адамдар жиі белгісіз жерлерге полиция рұқсат етпейтін арнайы жағажайларда спирттік ішімдіктермен отырыстар жасау үшін барады. 

Осындай рейдте құтқарушылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жеке азаматтарға наразылығы орынды. Тағы да рейдтің қатысушылары қалалықтардың спирттік ішімдіктерді ішумен демалғандарына, балалардың су айдындарында ересектердің қарауысыз қалуына куәгерлер болды.

Құтқарушылар су айдындарының жанында, сонымен қатар табиғатта демалғанда  максималды абай болуға шақырады. Естеріңізде болсын, қауіпсіздік қағидаларын бұзу жазатайым оқиғаларына әкелуі мүмкін. Сақ болыңыздар, өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірлерін сақтаңыздар!