• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Тамыз, 2018

Электронды қондырғы ескертіп тұрады

464 рет
көрсетілді

Облыстық ішкі істер департаменті мен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ бірлесіп өңірдегі автокөлік жолдарының қауіпті тұстарына жүргізушіге жылдамдықты ескертіп отыратын электронды жол белгілерін орнатуда. 

Бұл аспап көлік жүргізушіге жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл белгілемей-ақ, тек қана ескертеді. Осындай жол белгілері Бурабай, Целиноград, Зеренді аудандарында және Көкшетау қаласында орнатылды. Аталған автожолдарда, әсіресе жаз айларында жолаушы көп.

– Белгілер жол қозғалысы қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету үшін қажет. Жыл­дамдық шамадан тыс асып кетсе, қызыл түс, егер қалыпты болса жасыл түс жанады, – дейді облыстық Ішкі істер департаментінің аға инспекторы, полиция майоры Айбек Хасенов.

Жыл басынан бері облыс бойынша жылдамдықты мөлшерден көп асырған 12 500 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылыпты. Ендігі арада жаңа аспап жол апатын азайтуға ықпал етпек.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы