• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2011

Нақты тапсырмалар берді

214 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­­тың төрағалығымен Маң­ғыстау облысындағы Жаңа­өзен қа­ла­сын қалпына келтіру мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабар­ла­ды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кеңес жұмысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Парламент Сенатының Төрағасы Қай­рат Мәми, Президент Әкімші­лі­гінің Басшысы Аслан Мусин және өзге де мемлекеттік орган­дар­дың басшылары қатысты. Президент өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бой­ынша құрылған, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев басқаратын Үкі­меттік арнайы комиссия Маң­ғыс­тау облысында болып, тұрғын­дар­мен кездесулер өткізіп, жергілікті жердегі жағдайды жан-жақ­ты зерттегенін атап өтті. Үкімет тарапынан Жаңаөзендегі тәртіп­сіз­діктің салдарын жою және қа­ланы қалпына келтіру жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы мақсат үшін Үкімет тарапынан 3 млрд. теңгеден астам сомада қаражат бөлінді. Мемлекет басшысы қазіргі уа­қытта қаладағы жағдай тұрақ­тан­ғанын атап көрсетті. Басқару ор­ган­дары қалыпты режімде жұмыс істеуде. Президент Әкімшілігінің Бас­шы­сы А.Мусин Мемлекет бас­шы­сын ағымдағы жылдың 17 жел­тоқ­са­нында өткен Қауіпсіздік Ке­ңе­сі­нің отырысында берілген тап­сыр­малардың орындалуын ұй­ым­дас­тыру барысы туралы хабардар етті. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев Президентке арнайы комиссияның Маң­ғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіп­сіз­дікке байланысты туындаған әлеу­меттік-экономикалық, гума­ни­тарлық және өзге проблема­лар­ды жедел шешу жөніндегі жұ­мысы туралы баяндады. Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Мемлекет басшысына Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіп­сіз­дікті ұйымдастырған кінәлілерді анықтау жөніндегі тексеру ба­рысы туралы баяндады. Кеңестің қорытындысы бой­ын­ша Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.