• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Медицина 25 Тамыз, 2018

СІМ өкілдері Алтайда жол апатынан зардап шеккен әйелдің туыстарын іздестіріп жатыр

299 рет
көрсетілді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Алтайда болған жол апатынан зардап шеккен әйелдің туыстарын іздестіріп жатыр.

Зардап шеккен әйелдің есімі - Білімбай Хасен, 1943 жылғы. "Ол комада жатыр. Әйелді білетіндерден хабарласуды сұраймыз", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, Таулы Алтайдың Чуя жолында микроавтобус аударылып, 14 жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Алтай республикасының ІІД қызметінің мәліметінше,  жол апаты жұма күні түнде Онгудай ауданынана қарасты Чуя жолының 659 шақырымында болған.