• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Тамыз, 2018

Данияр Юлдашев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

316 рет
көрсетілді

Қазақстандық каратеші Данияр Юлдашев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ерлер арасында 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз қола медаль үшін белдесуде, Иордания елінің спортшысын 7:2 есебімен қапы қалдырды.

Данияр Юлдашев 1/8 және 1/4 финалда Тайланд және Макао спортшыларын тізе бүктірсе, жартылай финалда Вьетнам елінің спортшысына есе жіберді.

Фото: Данияр Майлыбаев