• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Желтоқсан, 2011

Шағын қалалар шет қалмайды

295 рет
көрсетілді

Қазақстан Патриоттары пар­тия­сы атынан Мәжіліс депутат­ты­ғына кандидаттар Мэлс Елеусізов, Гүлдана Нұрпейісова, Серік Айтхожин, Нұрмұхамед Абдрахманов, Станислав Смирнов, Дәурен Әзімбаев, Қайрат Медиев, Айжан Сқақова өңірлерде насихат жұ­мыс­тарымен жүр. Аталған топ кеше Алматының түбіндегі Қап­ша­ғай қаласында болды. Мұнда аталған топ қала тұр­ғыдарымен, тұрғын үй-ком­му­нал­дық шаруашылық басшыларымен кездесулер өткізіп, осы саладағы түйткілдерді шешу жайын сөз етті. Сондай-ақ, осындағы фарфор зауытында болып, оның жағ­дайы­мен танысуға мүмкіндік алды. Осы ретте шағын қалалар проб­ле­ма­сы да айтылмай қалған жоқ. Қазіргі таңда еліміз бойынша Ар­қалық, Қапшағай, Текелі, Жаңатас сияқты 50-ге тарта шағын қала бар болса, олардың проблемасын шешуге партия ерекше ден қоймақ. Мәселен, Қапшағай қала­сында жұмыс орындары тапшы, тұрғындар фарфор зауытының қалпына келтірілуін қалайды. Бұ­рын қала үшін маңызды саналған кәсіпорынға мемлекеттік қолдау болса, онда жүздеген жұмыс орын­дары ашылар еді, дейді қала­лықтар. Ал Қапшағай су қоймасы аумағындағы демалыс орындары жекенің қолына өтіп кеткендіктен, қалалықтардың өзі ол жаққа бас сұға алмайтын болыпты. Енді сол демалыс орындары муниципалитет меншігіне өтсе деген ойлар да айтылып қалып жатты, дейді Патриоттар партиясы Ал­ма­ты қалалық комитетінің бірінші хатшысы Гүлдана Нұрпейісова. Сонымен қатар, тұрғындар су қой­масында құтқару қызметінің жоғары деңгейде болуы, дема­лу­шы­ларға қызмет көрсетуге қажет­ті инфрақұрылымдардың барын­ша жетілдіруі қажеттігін де алға тартыпты. Демалушылардан жи­нал­ған қаржы соларға қызмет көрсетуді жетілдіруге бағытталуы тиіс. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.