• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Тамыз, 2018

Ақтөбеде «Жас сақшы» жобасының тұсауы кесілді

638 рет
көрсетілді

Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Ақтөбе қалалық жергілікті полиция қызметі арасында жасалған келісімге сәйкес «Жас сақшы» жобасының тұсауы кесілді. 

Оның құрамы студенттер мен белсенді жастардан тұрады. Мұндағы мақсат кәмелеттік жасқа толмағандар мен жастар арасындағы тәртіпті қадағалау. Сондай-ақ жасақ мүшелері құқық қорғау органдары өкілдерімен бірге әр түрлі рейдтерге және қылмыстың алдын-алу шараларына қатысып, қоғамдық тәртіпті бұзғандарға тиісті әкімшілік айыптар қолдана алады.

- Облыста 6 жоғары оқу орны, 45 арнаулы орта білім беру мекемелері бар. Осы оқу орталарында үздік үлгерімге қол жеткізіп, сонымен бірге қоғамдық өмірге де белсене араласатындар аз емес. осы өнегелі қыз-жігіттердің басын қосып, «Жас сақшы» жасағын құрып отырмыз. Қоғамдық тәртіпті сақтауға мүдделі мұндай топ біздің ойымызша артықтық етпейді деді бұл жөнінде Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ