• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Тамыз, 2018

Тиісті шешімдер қабылданды

379 рет
көрсетілді

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Талғат Донақовтың бас­шы­лығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты.

Отырыс жұмысына заң қа­у­ым­­­дастығының өкілдері қатыс­ты.

Кеңес отырысының қоры­тын­дылары бойынша бос судья лауазымдарына конкурсты өткізу тәртібін жаңғыртып, Жоғары Сот Кеңесінің жұмысында жос­пар­лау­ды қамтамасыз ету жөніндегі ұсы­ныстар мақұлданды, ол 2019 жылдан бастап қолда­нысқа енгізілетін болады. Со­нымен қатар Кеңес биылғы қыр­күйектен бастап судья лауазымына біліктілік емтиха­нын өткізудің жаңа жүйесін ен­гізу, судьялардың бос орындары­на орналасуға конкурсқа қатысушы кан­ди­даттарды бағалау және іріктеу критерийлерін одан әрі жетіл­діру жөнінде шешім қабыл­дады. Осыған орай Кеңес регла­ментіне тиісті түзетулер бекітілді.

Сонымен бірге Кеңес жанын­дағы Біліктілік комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді, оның құрамына шетел сарапшылары мен HR-маман кірді.

Одан басқа Кеңес жанында тұрақты негізде жұмыс істейтін сарапшылық-консультативтік ко­миссия құру туралы шешім қабылданды, ол ұлттық заңнама мен сот жүйесін жетілдіруге қатысты мәселелерді қарайды.

Сонымен қатар Кеңес зей­нет­керлік жасқа толған төрт судья­ның қызметте болу мерзімін ұзар­туға келісім және 15 судьяны ла­уазымдарынан босатуға ұсы­ным берді.

Кеңес отырысында маман­дан­дырылған тергеу соттарының төрағалары мен судьяларының бос орындарына орналасуға  2018 жылы 12 маусымда жарияланған конкурстың қорытындылары жасалды.

Кеңес отырысының қоры­тын­­­ды­­лары бойынша тиісті ше­шімдер мен ұсынымдар қабылданды.