• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Тамыз, 2018

Терроризмге қарсы тиімді ұсыныс

1256 рет
көрсетілді

Орталық Азия елдеріне Ауғанстаннан төнетін террористік қауіп-қатерлер ұлғаюы осы елге Сирия және Ирактан шетелдік террористердің қоныс аударуымен байланысты. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Владимир Воронков БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Террористік актілерден халықаралық бейбітшілікке төндіретін қауіптер» атты отырысында өз сөзінде атап өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасы

В. Воронков БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің ИЛИМ/ДАИШ террористік ұйы­мынан халықаралық бейбіт­­ші­л­ікке және қауіпсіздікке қауіп-қатерлері және БҰҰ-ның мүше-мем­лекет­терге осы қауіп-қатерлеріне қарсы әрекеттерге көрсетіп жатқан қолдаулары туралы 7-ші баяндамасын ұсынды.

Отырыс барысында Қазақ­станның БҰҰ жанындағы Тұрақ­ты өкілі Қайрат Омаров терро­ризмге қар­сы күрес үшін халық­аралық, өңір­лік және ұлттық деңгейде күш-жігер­лерді бірік­тіруге шақырып, басым мақса­ты ретінде жастар арасында тер­ро­ризмді және экстре­­мизмді таратудың алдын алуды атады.

Қ.Омаров, сондай-ақ Қазақ­станның бірқатар нақты ұсыныс­тарын атап өтті. Олардың ішінде Мемлекет басшысы бастама­шы­лық еткен аталған қауіп-қатер­мен күресу үшін БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің көпжақты сая­си міндеттемесі ретіндегі «Терро­ризмнен еркін бейбіт әлемге қол жеткізу үшін әрекет кодексін» қабылдау ісі бар.

Сонымен қатар есірткінің заңсыз айналымы, табиғи ресурс­тар мен мәдени артефактілерді заңсыз сатуға, сондай-ақ тер­ро­ризмді қаржыландырудың негізгі көздері болып табылатын жаңа технологиялар мен төлем әдістерін қатаң бақылау мен жолын кесуге ерекше назар аударылды.

Аймақтық және халықаралық дерек қорлары арасында террористерге қатысты биометриялық ақпараттармен алмасуды күшейту қажеттілігі айтылды. Бұл өз жа­ғы­нан деструктивті топтар мен жеке тұлғалар туралы уақтылы ақ­парат алуға, сондай-ақ интернет желісіндегі террористік идея­ларды таратуын алдын алудың маңыздылығы баса атап өтілді.

Қазақстанның Тұрақты өкілі, сондай-ақ террористік қауіп-қатер деңгейі жоғары елдерде тұрақты экономи­калық дамуына және террористік әрекетіне қатыстыруға балама ретінде ең алдымен жастарды жұмыс орындармен қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды.