• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Тамыз, 2018

Басқосу өзегі – «Алқоңыр дүние»

420 рет
көрсетілді

Жетісулық жас оқырмандар ақын Ты­ныш­тықбек Әбдікәкімұлының «Алқоңыр дүние» атты кітабы туралы пікір алмасты. Басқосу көрнекті ақын­ның өлеңдерін оқумен басталып, Мем­лекеттік сыйлыққа ұсынылып отырған кітап жайында еркін талқылауға ұласты.

– Бүгінгі басқосуда  Тыныштықбек Әбді­кәкім­­ұлының шығармашылығын талқыла­дық. Тыныш­тықбек ақын қазіргі қазақ поэзиясын­дағы құбылыс қой. Өлеңдері өте ойлы, терең. Өкі­­ніштісі, ақынның атын естігенімен, шығар­машы­­лы­ғынан хабары аз жастар да бар екен. Бүгін­гі кездесуде олар өздеріне бір сырлы әлем­нің қақпасын ашқандай болып отырды. Сон­дық­тан осындай рухани басқосудың жиі өтуін қалаймыз, – деп өз ойын білдірді жас ақын, Жазу­шылар одағының мүшесі Жангелді Немер­ебай.

Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының басшысы, ақын Ерлан Жүністің ұйымдастыруымен өткен шығар­машылық басқосу енді тұрақты жалғаспақ.

– Алғашқы пікірталасқа Тыныштықбек Әбді­кәкім­ұлының «Алқоңыр дүние» кітабы негіз болды. Алдағы күндері Ақұш­тап Бақты­гереева, Мархабат Байғұт, Өтеген Оралбаев, Ғалым Жайлыбай секілді қаламгерлердің шыға­рмашылығына қатысты талқылаулар өт­кізу­ді де жоспарлап отырмыз, – дейді Қазақ­стан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының басшысы.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Алматы облысы