• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Тамыз, 2018

Нұротандық депутаттар Қостанайдағы құрылыс нысандарына барды

345 рет
көрсетілді

Бүгін нұротандық депутаттар Ирина Аронова, Иван Клименко және Әлия Сапарова Қостанайдағы Садовой ауылына барды.

Мәжілісмендер жұмыс сапарын аймақтағы ірі құрылыс жобаларының бірі болып табылатын «Стройпром» ЖШС-нен бастады.

Кәсіпорын негізінен жоғары сапалы құрылыс материалдарын өндірумен айналысады. Олар заманауи жабдықтарда өндіріліп, үнемі халықаралық сапа стандарттарына сәйкес сертификатталып отырады.

Өнімдер қазақстандық нарықты қамтып, Ресей Федерациясына да экспортталады.

Бұдан бөлек депутаттар ұйымның еңбек ұжымымен кездесті. Басты мақсат - Президенттің бес әлеуметтік бастамасының негізгі мәселелерін түсіндіру.