• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Тамыз, 2018

Алакөлде биыл 600 мыңнан астам турист демалды

329 рет
көрсетілді

Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл жағалауында 600 мыңнан астам саяхатшы демалған. Мамандардың айтуынша, бұл – рекордтық көрсеткіш. 

Туристердің 10 мыңы пойызбен, 6 мыңы ұшақпен, 40 мыңға жуығы автобустармен, ал қалғандары жеке көліктерімен келген. Былтыр 147 демалыс орны қызмет көрсетсе, биыл олардың саны 20 пайызға көбейген.

Соңғы 3 жылда көл жағалауын абаттандыру мен инфрақұрылымды жақсартуға мемлекет қазынасынан 5 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Ал жеке кәсіпкерлер жаңа нысандарды тұрғызуға 200 миллионнан теңгеден аса  қаражат бөлген.