• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Тамыз, 2018

Жапонияда аптап ыстықтан 6 мыңға жуық адам емханаға жеткізілді

253 рет
көрсетілді

20-26 тамыз аралығында Жапонияда аптап ыстықтан екі адам қайтыс болып, 6 мыңға жуық тұрғын емханаға жеткізілді, деп хабарлайды Жапонияның өрт сөндіру қызметі.

Жаз бойы ыстықтан зардап шеккен 80 мыңнан астам адам ауруханаға түскен. Шілденің соңынан бері Жапонияның барлық ауданында күн қатты ысып, ең жоғары температура 41,1 градус көрсеткішімен Кумагая қаласында тіркелді. Синоптиктердің хабарлауынша, аптап ыстық қыркүйек айының ортасына дейін жалғасады.