• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Тамыз, 2018

Оралда құтқарушылар «Су құрбандарына жол жоқ!» акциясын өткізді

293 рет
көрсетілді

Жаздың ыстығы әлі кете қойған жоқ, облыс тұрғындары мен қонақтары  одан мезі болып салқындау және тынығу үшін су айдындарына барады. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіз суға түсу маусымын ұйымдастыру үшін судағы адаммдар өлімін болдырмауға бағытталған шаралар кешенін өткізеді.

Мәселен, 2018 жылдың 25 тамыз күні БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы және еріктілер Жайық өзенінде қайықпен «Су құрбандарына жол жоқ!» акциясын өткізді. Бұл іс-шара қоғамның назарын судағы жазатайым оқиғалар проблемасына аудару, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында өткізілді.

Акция барысында өзеннің маршруты бойынша патрулдеу жүргізілді, демалушы азаматтарға судағы жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді. Жаппай суға шомылу орындарына тоқтаған кезде халыққа профилактикалық әңгіме жүргізіліп, үгіт-насихат парақшалары таратылды.

Өкінішке орай, патрулдеу кезінде ересектердің қарауынсыз өзен жағасында жүрген балалар жиі кездесті. Балаларға әңгімелесу жүргізіліп, оларға ата-анасынсыз немесе ересектерсіз өз беттерімен өзенге келмеулеріне ұсыныс айтылды.

Су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын насихаттау тек суға шомылу маусымында ғана емес, жыл бойы қысқы кезеңде, сең жүру және тасқын кезінде жүргізілетінін айтып өткен жөн.

Соңғы 10 жылда облыста 270-тен аса адам суға батты, оның 70-ке жуығы балалар. 2018 жылдың суға шомылу маусымының басынан бері 8 суға бату жағдайы тіркелді, олардың 2-і кәмелетке толмаған бала.