• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Тамыз, 2018

Алматыда Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті

890 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының, Достық үйі мен Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Ұлттық кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Нурия Ниязова, заң ғылымдарының докторы, профессор Кабдулсамих Айтхожин, Д.А.Қонаев атындағы Еуразия Заң академиясының Конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі Болысбек  Батталханов, Алматы қаласы Ғылыми-сарапшылық тобының төрағасы Мұхтарбек Шайкемелов, Қазақстан халқы Ассамблеясы және этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында тәуелсіздігімізді айғақтайтын, нақтылайтын негізгі құжат  – Ата заңның пәрменділігі төңірегінде ой толғаған қатысушылар елімізде тұрып жатқан көптеген ұлт өкілдерінің бірлігі мен ынтымағының негізі осы құжаттың өзегінде жатқандығын атап өтті.

Ата Заң ел азаматтарының бостандығы мен құқығын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның әлемдік кеңістікте өзге мемлекеттермен бәсекеге түсе алатын зайырлы қоғамымен ерекшеленетіндігіне тоқталды. Сондықтанда ел азаматтарының қандай да бір өкілі болмасын елім, жерім деген ұстаныммен мемлекет болашағына қызмет етуге тиіс.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ