• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Тамыз, 2018

Халықаралық ұйым озық құрылғылармен қамтылды

307 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен шетелдік дипломатиялық миссиялар басшылары Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) Хатшылығына барып, арнайы жасақталған конференц-залдың ашылу рәсіміне қатысты.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесін (АӨСШК) құру идеясын Қазақстан Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаев тұң­ғыш рет 1992 жылы 5 қазанда БҰҰ Бас Ас­самблеясының 47-сессиясында ұсын­ған болатын.

Ұйым алғашқы кезеңде 16 мемлекеттің басын қосты.  Қазіргі уа­қытта аталған ұйым 27 мемлекетті бірік­тіріп отыр. Сондай-ақ тағы жеті мем­лекет пен төрт халықаралық ұйым, оның ішінде БҰҰ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөнін­дегі кеңесіне бақылаушы ретінде қа­ты­сады.

Аталған ұйымға біздің еліміз 2002-2010 жылдар аралығында төрағалық етті. Қазір ұйым тізгіні Қытай Халық Рес­публикасының қолында.

Ұйымның хатшылығы 2006 жылы құрылып, Астанада қоныс тепті. Енді міне, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастаған делегация хатшылықтың заманауи мәжіліс залын ресми түрде ашты.

Конференц-зал соңғы үлгідегі байланыс және бейне, дыбыс зорайтқыш, мультимедиялық құрылғылармен жаб­дықталған. Әлемдегі озық технологиялар қолданылып, осында өтетін кездесу-жиындарды таспаға басу барынша жеңілдетілген.

Сыртқы істер министрі цифрландыру мен автоматтандырудың озық үлгілерін көріп, мұндай жабдықтардың Астанадағы кеңселерде кездесе бер­мейтіндігін атап өтті. Құрал-жабдықтар ұйым­ның қазіргі төрағасы – Қытай Халық Республикасы тарапынан қар­жы­лан­дырылған.

Делегация құрамындағы елші­лік­тердің өкілдері де Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жө­ніндегі кеңесінің мәжіліс залы­ның ашылуымен құттықтап, жаңа тех­но­логиялардың жұмыс сапасын жетіл­­діре түсуге септігін тигізеріне сенім біл­дірді.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»