• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Тамыз, 2018

Елбасы «Бейбітшілік қабырғасы» монументінің ашылу салтанатына қатысты

1144 рет
көрсетілді

Астанада Нұрсұлтан Назарбаев «Бейбітшілік қабырғасы» монументінің ашылу салтанатына қатысты.

«Бейбітшілік қабырғасы» монументі Ақтөбе облысының Астана қаласының 20 жылдығына арналған тартуы.  Монумент Тәуелсіздік алаңының көрнекті тұсына, «Қазақ елі» монументіне жақын жерде салынған. 

Бейбітшілік қабырғасы біртұтас біріктіріп, қорғап тұратын жапырақ тәріздес шатырды бейнелейді. Металл мен табиғи тастан тұрғызылған кешен үш бөліктен тұрады.

Бірінші бөлігі - бөлшектеу мен оқшаулауды, екінші бөлігі - үміт, еркіндік пен тәуелсіздікті, үшіншісі бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау жолын бейнелейді. Монументтің жалпы ұзындығы - 111 метр, ені - 18,4 метр, биіктігі 17,5 метр. «Бейбітшілік қабырғасының» тұрқы төзімді әрі берік темірден жасалған. Монументті тұрғызуға жалпы аумағы 6 мың текше метр болатын 1200 тонна гранит пайдаланылады. Мемориалда әлемнің 51 тілінде «Бейбітшілік» деген сөз жазылған.

Авторлар жобаның көрнекті мазмұнға ғана емес, оның функционалдығына да жіті мән берген. Аспалы шатырдың ашық панельдері 2,5 миллион жарық нүктесі бар 616 текше метрді алып жатқан LED-жүйеге ие. Ол кез келген үлкен көлемдегі сандық дүниені таратуға мүмкіндік береді. Экранға шығару еуропалық өнім өндірушілердің ең соңғы үлгідегі видео, аудио және коммутациялық жабдықтар орнатылған серверлік бөлмелерде жүзеге асырылады.

Сол себепті бұл таңғажайып арт-нысан - саяси, мәдени-бұқаралық, ақпараттық шараларды, лазерлік және басқа шоуларды өткізетін тамаша орынға айналмақ. Нысанды тұрғызу кеткен қаржы құны - 1,8 миллиард теңге. Ал оған Ақтөбе облысы аумағында жұмыс істейтін компаниялар демеушілік етті.