• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Тамыз, 2018

Ресейдегі «Бейбіт миссия-2018» оқу-жаттығуына Қазақстан әскерилері қатысып жатыр

425 рет
көрсетілді

Ресейдің Челябі облысындағы Орал танкілер бірлестігінің жаттығу алаңында «Бейбіт миссия-2018» оқу-жаттығу фазасы басталды. 

«Бейбіт миссия-2018» жаттығуы Челябі облысындағы Чебаркуль полигонында өтіп жатыр. Шараға Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінен үш мыңдай әскери қызметкер және 500-ге жуық жер және авиациялық техника тартылған.

Қазақстан Қарулы күштерінің атынан Су-30СМ екі жойғышы, Су-25 екі шабуылдаушы және С-295 турбиналы-винтті көлік ұшақтары өз қауқарын паш ететін болады. Сегіз жылдық еңбек өтілі бар майор Азат Абдулин әуеде 650 сағат ұшып үлгерген. Бүгін ол СУ-25 жойғышын тізгіндейді. Оқу-жаттығу жұмыстары аясында басқа елдің ұшқыштарымен бірге әуеде барлау жүргізіп, әскерилерді қорғап, әуе шабуылын жасауды жетік меңгеретін болады. 

«Біздің басты міндетіміз – қойылған тапсырмаларды уақытында дайындап, ұшақты ұшқыштарға дайындап беру. Бәрін тексеруіміз керек, көруіміз керек. «Бейбіт миссияға» Қазақстан, Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан және Тәжікстанның әскери басқарма бөлімшелері, құрлық күштері және авиациялары жұмылдырылған. Өзбекстан – бақылаушы ел. Жаттығудың басты мақсаты – лаңкестікке қарсы операцияны өткізу кезінде әскерилердің барынша бірлесе әрекет етуіне қол жеткізу», дейді СУ-25 аға технигі Бактыбек Сапаршаев.