• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 02 Қыркүйек, 2018

III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

1111 рет
көрсетілді

Қырғызстанның Шолпан ата курорттық аймағында III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бейресми түрде басталды. Іс-шараның ашылу салтанаты 2 қыркүйектің кешіне жоспарланған. 

Жарыстың алғашқы күні тәжіктің ұлттық спорты – белбеу күресі (Гуштини милли камарбанди), сонымен қатар тоғызқұмалақ, мангала және овари ойындары бойынша сайыстар өтеді.

Көшпенділер ойындары 2-8 қыркүйек арасында өтеді. Биылғы сайысқа 80 елден 3000-нан астам сайыпқыран келген. Олар 37 этноспорт түрі бойынша сынға түседі. Спортшылар 174 алтын, 173 күміс, 247 қола медальді сынға салады. Ойындардың жалпы қоры – 28 миллион сомға жуық.

Үшінші рет өтіп отырған Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жиналған сайыпқырандар бірден бірнеше жерде – әсем табиғаты тамсандыратын, тау етегіндегі таңғажайып Қыршын жайлауында, Қырғызстанның курортты қаласы Шолпан атадағы спорт кешендерінде сынға түседі.

Жалпы, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – Қырғызстан тарапының бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды шара.