• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2011

Үміт отын жаққандай болды

305 рет
көрсетілді

Мемлекет бас­шы­сы Нұр­сұл­тан На­зар­баев­тың Маңғыс­тау­да облыс ак­­тиві жи­налы­сында ұла­ғатты сөз сөйлеп, жаппай тәртіп­сіз­діктің салдарынан жазықсыз жапа шеккен жаңаөзендіктермен кездесуі алдағы күндерге деген үміт отын жаққандай болды. Басбұзар топ біраз адамды әбі­герге салды. Қаладағы негізгі нысан­дар­ды қиратып, от қойып, ойрандады. Дәл сондай сәтте Елбасы Жаңа­өзен қаласында төтенше жағдай енгізуге Жарлық шығарды. Соның нәтижесінде адамдардың қауіп­сіз­дігі сақ­тал­ды. Қарақшылық қылықтарға тосқауыл қойылды. Құқық қорғау органдары мен әскерилер Жар­лыққа сай жұмыс істеді. Санаулы күндерде біраз бүлінген нысан­дар қалпына келді. Елбасы тап­сырмасымен құрылған Үкіметтік комиссия халықпен қоян-қолтық жұмыс жасады. Негізгі нысандар, әлеуметтік сала орындары бірінші кезекте назарда болып, тұр­ғындар азық-түлік тапшылығына ұшыраған жоқ. Ал бейсенбі күні Елбасының сондай зардап шегіп, қиналып жат­қан Жаңаөзен қаласы хал­қымен кездесуі көпшіліктің көңі­лінен шықты. Соның айғағы ретінде Нұр­сұлтан Әбішұлына ал­ғыс айт­ты. Оның ел халқының қамқоры болып аман-сау жүруіне тілектестіктерін білдірді. Біз көр­сетілетін көмек, жа­салудағы қамқорлықтың Елба­сы­ның тікелей тапсырмасы­мен жүзеге асуда екендігін жақсы білеміз. Оны аса жоғары баға­лай­мыз. Сондықтан да бар­ша­мыз да көп ұлтты халқымыз дос­тықты ту етіп, еліміз тыныш болуы жолында күш-жігеріміз бен парасат пайы­мымызды жұм­сайтын боламыз. Мұқанжан КАМАЛОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясы  облыстық хатшылығының меңгерушісі.    Маңғыстау облысы.