• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2011

Жобалар жолдама алды

356 рет
көрсетілді

Елордадағы №54 мектеп-лицейде Астана қаласының әкімі Иман­ғали Тасмағамбетовтің қатысуы­мен «Smart Astana» (Ақылды қала) тұ­жы­рымдамасы шеңберінде «Бо­ла­шақ мектебі – бүгін» және «Е –  жедел жәрдем» инновациялық жо­ба­ларының тұсаукесері болып өтті. «Болашақ мектебі – бүгін» жо­басы мектепте оқу үдерісін оңтай­ландырумен қатар заман сұраны­сына, әлеуметтік-экономикалық жағ­дайға және жаһандану талаптарына сәйкес білім берудің сапасын арт­тыру мақсатында құрылып отыр. Инновациялық технологияларға қа­жеттілікті анықтау мақсатында мектепте зерттеулер жүргізу, кеңестер да­йындау, әлеуметтік желі жасау, же­ңілдікпен интернет желісіне қо­сылу жобаның басты бағыттары бо­лып табылады. Әлеуметтік желі ар­қылы оқушы басып шығаруға бо­ла­тын электрондық кітаптарды пай­дала­нып, мектептегі апталық оқу кестесімен танысып, хабарландыру тақтасы арқылы мектепте өтетін шаралардан құлағдар болып, әр оқушы  өз пош­та­сы арқылы мектептегі бейнебаян­дар­ды қарап, өз пікірін қалдыра алады. Жүйе қыз­метінде оқушылардың мектеп ғимаратына кіру-шығу фактісі бойынша ата-аналарға смс-хабар­лан­дыру жолдаудан бастап, болашақта төлем картасы, жолақы құжаты ретінде пайдалану мүмкіндігіне ие бо­латын оқушы куәлігін енгізу қарас­тырылған. Медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға бағытталған «Е – жедел жәрдем» жобасы жедел жәрдем топтарына ауруханалармен тікелей байланысқа шығуға мүм­кін­дік жасап, аурудың белгілері бо­йын­ша емдеу жолдарын қарас­ты­рып, қажетті дәрі-дәрмектерді таба білу сияқты іс-шараларды дер кезінде жүзеге асыра алады. Бұл жоба жедел жәрдем қызметінің деңгейін арттырып, оңтайландыруға, тез шешім қабылдауға, сырқат адамның мекен-жайын іздестіру кезінде жүр­гізуші тарапынан қателікті болд­ыр­мауға, сондай-ақ уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Берік САДЫР.