• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қыркүйек, 2018

Атырауда таэквондодан ересектер арасында Азия құрлығындағы алғашқы чемпионат өтеді

245 рет
көрсетілді

Турнирге 400-ге жуық спортшы қатысуға өтініш білдірген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

7-9 қыркүйек күндері Атырау қаласында таэквондодан Азия құрлығындағы тұңғыш таэквондодан І Ашық Азия чемпионаты өтеді. Ересектер арасындағы турнирге 15 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы қатысады. Үш күндік додада Азия құрлығының үздіктері анықталатын болады. Жарыс 7 қыркүйек күні 9:00-де Мұз сарайында басталады.

Сонымен қатар, Азия чемпионатының ізін суытпай, Атырау қаласында 9-11 қыркүйек күндері «KAZAKHSTAN OPEN – 2018» халықаралық турнирі өтеді.

Айта кету керек, өткен жылы Атырауда тұңғыш рет таэквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Оған 26 мемлекеттен 500-ге жуық спортшы қатысты. Өткен чемпионаттың жоғары дәрежеде өтуіне орай Атырау облысы кезекті Азия чемпионатын өткізуге лицензия алған болатын.