• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Желтоқсан, 2011

Науқан қарқын алды

286 рет
көрсетілді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына дайындық нау­қаны қарқын алды. 26 қа­раша күні Алматыда өткен 9 съезінде алда келе жат­қан Парламент сайлауына 57 адамнан тұратын үміт­керлер тізімін бекіткен партия бұл күндері еліміздің жер-жерінде үгіт-насихат жұ­мыстарын қызу жүргізуде. Кеше Жалпыұлттық со­циал-демократиялық пар­тия­ның белсенділері сай­лауалды үгітті Ақтөбе жерінде жалғастырды. Партия мүшелері бұл өңірдегі алыс аудандарға да барып, ауыл тұрғындарымен ди­дар­ла­сып, сөйлеспекші. Олар­дың айтуынша, ауыл жастарын жұмысқа орна­лас­тыру мәсе­лесін шешу ар­қылы азық-тү­лік тауар­ла­ры­ның бағаларына ықпал етуге болады. Кеше ЖСДП мүше­лері облыс ор­та­лығында және Хромтау ауда­нында бол­ды. Партиялықтар тобын бастап жүрген белгілі саясаткер, ЖСДП төрал­қа­сы­ның мүшесі Петр Своик қа­зіргі таңда Қазақстанға президенттік билікті парламенттік билікпен нығайта түсу ма­ңызды деп санайды. Саясаткер бұл арада көппар­тия­лы парламентті айтып отыр­ғаны түсінікті. «Парламент Үкі­мет­ті жасақтауға тиіс, ал Үкімет Парламентке есеп беруге     тиіс», дейді Петр Своик. Алматы қаласындағы Ала­тау ауданының тұрғын­дары­мен кездесу кезінде ЖСДП өкілдері сайлау тізіміне сай­лаушылардың бар­лы­ғын енгізу жөнінде мә­се­ле көтерді. Бұл үшін ЖСДП өкілдері жер­гілікті әкім­діктерге қалада қазірше тіркеле қоймаған аза­маттардың барлығын уақыт­ша тіркеп, олардың азаматтық парызын атқаруына жағдай жасау қажет деп санайды. Жалпыұлттық социал-де­мократиялық партияның қо­ғамдық қабылдау бөлмелері барлық облыс орта­лық­та­рын­да жұмыс істеп тұр. Оларға  барған адамдар көп­теген мәселелер бойынша кон­сультациялар алуда. ЖСДП Алматы қалалық фи­ли­алы­ның төрағасы Әмірбек Тоғы­сов мұндай қоғамдық қа­был­дау бөлмелерінің есігі келушілерге қашанда ашық екенін айтады. «Кез келген уа­қытта, біз таңертеңгі оннан кешкі алты-жетіге дейін келушілерді қабылдай береміз. Біздің білікті заңгерлеріміз бар. Әртүрлі арыз-шағым­дар­ды беру үшін қажетті құ­жаттарды дайындай ала­мыз. Қажет болса мүмкін­ді­гімізге қарай азамат­тар­ды соттарда қорғаймыз. Осының бәрін тегін атқарамыз», дейді ол. Алдыңғы күні Жалпы­ұлт­тық социал-демо­кра­тия­лық партия тағы бір мә­селе көтерді. Партия Ор­та­лық сайлау комиссиясына сайлау комиссияларының құрамында кеңесші дауыс құқымен жұмыс істеп жүрген партия өкілдерінің еңбегіне сайлау комиссия­ла­рының басқа да мүше­ле­рі­мен қатар ақы төлеу жө­нінде мәселе қойды. Біздің білуімізде, бұл мәселе Ортсайлаукомда сәрсенбі күні қаралған. Оның қорытын­ды­сы бойынша террито­рия­лық сайлау комиссия­ла­рына саяси партиялардың өкіл­де­рі сайлау комиссия­лары­на мүше болып, жұ­мыс істеген жағдайда сайлау науқанын дайындау мен өткізу кезе­ңінде олардың орташа ай­лық жалақысын сақтау мүм­кіндігін қарастыру жөнінде хат жіберілген. Жақсыбай САМРАТ.