• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 31 Тамыз, 2018

Түркітілдес мемлекеттердің тамыры терең

504 рет
көрсетілді

Биылғы Түркітілдес Мемлекет басшыларының VI Саммиті 2018 жылдың 3 қыркүйегінде көршілес Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өткелі отыр. 

Аталған Саммит барысында ұйымға Төрағалық етуді Қазақстаннан Қырғызстанға беру рәсімі өтпек. Күні кеше ғана түйіні 20 жылға созылған Каспий Конвенциясын Ақтау қаласында шешкен Қазақстан кезекті рет сәтті дипломатиялық қадам жасап отыр.

Саммит қорытындылары бойынша Чолпон-Ата декларациясына қол қою, сонымен қатар Түркі кеңесіне мүше елдердің басшыларының бірқатар шешімдер қабылдауы күтіліп отыр. Нақтылап айтар болсақ, ұлттық спорт түрлері мен жастар саясатына ерекше көңіл бөлініп, бұл мәселе күн тәртібінде тұр.

Естеріңізге сала кетсек, ең бірінші Саммит Алматы қаласында «Түркітілдес елдердің экономикалық ынтымақтастығы» тақырыбында өткен еді. Сол уақыттан бері аталған ұйым жаһандық аренада өзінің өміршеңдігін көрсетіп келеді. Халықаралық ұйым басшылығына Қазақстан өкілінің қарастырылуы – дәл осының айғағы.

Олжас БЕРКІНБАЕВ, саясаттанушы