• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Футбол 27 Қыркүйек, 2018

"Қайрат" пен "Ақтөбе" Чемпиондар лигасына қатысады

545 рет
көрсетілді

Биыл футзалдан тұңғыш мәрте Чемпиондар лигасы ұйымдастырылады.

Оған Қазақстан атынан 2 команда қатыспақ. Ел чепионы "Қайрат" "А" лигасының үшінші тобына түсті. Онда қарсыластар қатарында "Феникс" (Косово), "Лида" (Белорус), және "Спортинг" (Португалия) клубтары бар. Алғашқы ойынды "Қайрат" 3-қазан күні түнгі сағат 01-30-да жергілікті "Феникске" қарсы ойнап бастайды. Осы ойындарды "Хабар" арнасы күнделікті тікелей эфирде көрсетіп отырады. 

3-қазан 01-30

"Феникс" - "Қайрат"

4-қазан 23-00

"Қайрат" - "Спортинг"

6-қазан 23-00

"Спортинг" - "Қайрат"

Айта кетуіміз керек, ойындардың барлығы Косовода өтеді. Келесі айналымға топтағы төрт команданың үшеуі шығады. 

Сонымен қатар, аталған турнирге Қазақстанның күміс жүлдегері "Ақтөбе" футзал клубы да қатысады. Олар "В" лигасының 6-шы тобына түсті. Ақтөбелік аяқдопшылар ойындарын Хорватия елінде өткізеді.