• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Президент 27 Қыркүйек, 2018

Елбасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің басшылық құрамымен кездесті

382 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы барлау қызметінің ұжымына жаңа директор Исатай Бақтиярұлы Сартаевты және директордың бірінші орынбасары Нұрлан Оразұлы Оразовты таныстырды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес И.Б.Сартаев ант қабылдады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті жаңа басшылыққа сыртқы барлау қызметі жұмысының негізгі басымдықтары туралы айтып, бірқатар нақты тапсырма берді.