• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Теннис 29 Қыркүйек, 2018

Зарина Дияс Бейжіңнің негізгі турниріне жолдама алды

357 рет
көрсетілді

Бейжің турниріндегі іріктеу сайысының финалында қазақстандық Зарина Дияс ұлыбританиялық Хитер Уотсонмен кездесті. 

Зарина әлемдік рейтингте 92-інші орында, қарсыласы одан бір саты жоғары тұрғанына қарамастан, ойын қазақстандық теннисшінің айқын басымдылығымен өтті.

З. Дияс алғашқы партияда Уотсонға бірде-бір гейм бермей, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші сет те оның пайдасына шешілді - 6:3. Кездесу 1 сағат 1 минутқа созылды. Осылайша Зарина Дияс Бейжіңнің негізгі турниріне жолдама алды. Оның ендігі қарсыласы кейін анықталады.

Іріктеу сайыстарына сондай-ақ Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-інші ракеткасы Юлия Путинцева да қатысуда. Ол алғашқы бәсекесінде қытайлық Ифань Сюйді 6:0, 6:4 есебімен оңай ұтты. Қазіргі сәтте ол іріктеу сайысының финалында әлемнің 111-інші ракеткасы, америкалық Кристина Макхейлмен негізгі турнирдің жолдамасын сарапқа салуда.