• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Қыркүйек, 2018

Индонезиядағы жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 400-ден асты

301 рет
көрсетілді

Индонезияның Сулавеси аралындағы жер сілкінісінде 400-ден астам адам көз жұмды. Жергілікті басшылыққа қаза болғандар тізімі тек Палу қаласынан келіп түсуде, деп хабарлайды BBC.

Құтқарушылар әзірге 300 мыңнан астам тұрғыны бар Дунгала ауданына жете алмады. Ал бұл аудан жер сілкінісінің орталығы болып есептеліп келген. Мемлекеттің вице-президенті Юсуф Калла қаза болғандардың саны бірнеше мыңдарға жетуі мүмкін екенін айтты.

Жер сілкініснің магнитудасы 7,7-ні көрсетіп отыр, алайда үлкен апатқа жер сілкінісінің кесірінен болған цунами алып келген.

Индонезияның төтенше жағдайлар министрі Сутопо Пурво Нугрохо цунами толқынының биіктігі 6 метрге жеткенін айтты. Қауіпті аймақтағы жұмыстарға Палу қаласындағы электр желісінің істен шығуы кедергі келтіруде. Сулавеси аралындағы негізгі сілкіністен кейін де кішкене сілкіністер бірнеше сағатқа созылған.