• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Саясат 04 Қазан, 2018

Үкімет үйінде Дүниежүзілік банк топтарының дөңгелек үстелі өтті

350 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан Республикасының Үкіметінде Дүниежүзілік банк топтарының қатысуымен дөңгелек үстел болды. Дөңгелек үстел барысында етті мал шаруашылығы және қой шаруашылығы салаларын дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазақстандағы Дүниежүзілік банктың тұрақты өкілі Ато Браун 2017 жылы Дүниежүзілік банкі өткізген, Қазақстандағы жеке сектордың қорытынды диагностикалық шолуын талқылауға ұсынды. Ол дәстүрлі мал шаруашылығы салаларын дамыту маңыздылығын атап өтті: етті мал шаруашылығы және қой шаруашылығын, өйткені Ресей мен Қытайда етті тұтынудың үлкен нарығы, еркін жайылым ресурстары мен адами әлеуеті бар.

Дүниежүзілік банк сарапшылары ет секторын дамыту және сарапшылық әлеуетті арттыру үшін мал шаруашылығы өнімдерін қадағалау жүйесін құру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Дүниежүзілік банктың қолдауымен мұндай жүйе Уругвай және Бразилияда құрылған.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге Уругвайдың бұрынғы ауыл шарушылығы министрі, ауыл шаруашылығы дүниежүзілік банкінің жетекші кеңесшісі қатысты. Табаре Агуэрра өз сөзінде Уругвайдағы етті бағыттағы ірі қара мал секторын дамыту бойынша тәжірибиесімен бөлісті. Қазіргі уақытта Уругвай сиыр етін экспорттауда әлемдік нарықтың 10% дейін қамтуда. Ол кіші шаруа қожалықтарды дамытудың маңыздылығы сиыр етін өндіруге жол ашады.

Дүниежүзілік банк сарапшылары Қазақстан Үкіметінің етті малды дамыту бойынша жұмысын сонымен қатар, шаруа қожалықтарын дамытуға көрсетіп жатқан қолдауын жоғары бағалады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Дүниежүзілік банк өкілдері Қазақстандағы ауылшаруашылығын дамытуға қаржы бөлуге дайын екендігін жеткізді. Меморандумды қолдау аясында, қазақстандық ауылшаруашылығы өнімдерін Қытай нарығына шығаруды бірлесіп іске асыру бойынша келісімге келді.