• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қазан, 2018

13-15 қазан күндеріне ауа-райы болжамы

581 рет
көрсетілді

Синоптиктер 13-15 қазан күндеріне Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Қазақстанның барлық аумағында қазанның басында ауа температурасы климаттық нормадан 2-5°С жоғары болды. Бірақ оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысатын тропосфералық ауа ағындары республикаға Қара теңізден жылы, ал Баранцева және Карск теңізінен суық және дымқыл ауа массаларын әкеледі», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында. Сондықтан демалыс күндері жауын-шашын болып, күшті жел соғады. Ауа температурасы республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында төмендеп, таулы аймақтарда жаңбыр жауып, жел соғады және қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік облыстарда көктайғақ болуы мүмкін.