• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Футбол 13 Қазан, 2018

Бүгін Қазақстан мен Латвия ұлттық құрамаларының ойыны болады (видео)

634 рет
көрсетілді

Бүгін Астана уақыты бойынша 22:00-де Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында Латвия құрамасымен кездеседі. 

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы үшінші кездесуін өткізеді. Бұл жолғы қарсылас - Латвия ұлттық құрамасы. Ұлттық құрамалардың ойыны Риганың «Даугава» стадионында өтеді.

Бұл - біздің құрама үшін маңызды ойын. Ұлттар лигасының топтық кезеңінен өту үшін Латвия құрамасын жеңуі шарт. 

Ұлттық құрама Латвиямен 5 ойын өткізген. Қоржынымызда Исламбек Қуат сыйлаған жеңісті бір ойын бар. Одан бөлек, екі кездесу Латвия жеңісімен аяқталса, екеуі тең түскен ойындар. 

Үлттық құраманың ойыналды жаттығуы (видео)