• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2010

ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ

920 рет
көрсетілді

бүгінгі таңдағы маңызды мәселе болып отыр Әскери консультативтік кеңес аясында өткізілген республикалық конференцияда негізінен Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиация­сы­ның ұшу қауіпсіздігіндегі маңызды мәселелер ортаға салынды. Оның жұмысына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, осы ведомство Штабтар бастығы комитетінің төра­ға­сы, армия генералы Мұхтар Алтын­баев жетекшілік етті. Конференцияға Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті шекара қыз­метінің, Көлік және коммуника­ция, Төтенше жағдайлар жөніндегі және Ішкі істер министрліктерінің өкілдері, авиациялық бөлімдердің ко­мандирлері қатысты. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  республика Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында алға қойған тап­сыр­­ма­ларын келешекте дәйектілікпен жүзеге асыру қажеттігі жөнінде атап айтылды. Конференцияда сөз алған армия генералы Мұхтар Алтын­баев және басқа лауазым иелері соңғы уақыт­тағы әуе оқиғаларының себе­птерін сарапқа салды. Шын мә­нісінде де ұшу қауіпсіздігінің қажетті шартын, техникалық қауіпсіздікті сақтау тек Қорғаныс күштеріне ғана емес, сон­дай-ақ шекара қызметі, ішкі әскер­лер, төтенше жағдайлар құры­лым­дарына да қатысты екендігі на­зар­­дан тыс қалмады. Әрине, мұндағы басты талап – апаттардың алдын алу, оны болдырмау жолдарын қарасты­руда барлық күш-қуатты біріктіріп, ұйымшылдық, іскерлік таныту қажет. Жиында өткен 2009 жылғы ұшу қауіпсіздігі жағдайлары, сонымен қа­тар соңғы бес жыл көлемінде орын алған әуе оқиғаларының себеп-сал­дарларына талдау жасалуының өз маңызы бар. Сөз арасында кездейсоқ апаттардың алдын алуға ықпал ететін ең маңызды іс-шаралардың қатарын­да тәжірибе алмасудың қажеттілігі жоғары екендігі айтпаса да түсінікті. Конференцияда мемлекеттік әуе ке­мелерімен бірлесіп жұмыс істеу және ақпарат алмасудың негізгі бағыттары да айқындалды. Ең бастысы, Қазақ­стан мемлекеттік авиациясының ұшу қауіпсіздігі жөнінде жаңа құжат жа­салды. Жиынға қатысушылар бұдан кейін тренажерлік кешендегі ұшу құрамының тәжірибе жүзінде көр­сет­кен іс-шараларымен, қазіргі заманғы техникалық жабдықтармен жан-жақты түрде танысты. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.