• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қазан, 2018

Қарағанды облысының Абай ауданында 12 адам уланып қалған

274 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының Абай қаласында 12 адам дөнерден уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

2018 жылы қазанның 22-нен 24-не дейінгі аралықта Абай қаласында 12 адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде 8-і ауруханаға жатқызылған, зардап шеккендер қатарында бір бала бар.

Қарағанды облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ақпаратынша, зардап шеккендерге «Өткір ішек-құрылысы инфекциясы» диагнозы қойылды. Медициналық көмекке жүгінген қала тұрғындарының барлығы ауырар алдында жергілікті дөнерханада тамақтанған.

Ішек-құрылысы инфекциясының әрі қарай таралып кетпеуі мақсатында және жағдайды тұрақтандыру үшін дөнерханада жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, азық-түлік өнімдерінен, қоршаған ортадан және судан сынамалар алынып, зертханаға жіберілді. Сонымен қатар дәмхананың қызметкері де патогенді микроорта тасымалдаушысы болуы мүмкіндігі тексерілді. Нәтижесінде санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар өткізу және дөнерхана қызметкерін уақытша жұмысынан алшақтату туралы қаулы шығарылды. Сондай-ақ, қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталды. Қазіргі таңда оларды жергілікті емханалардағы учаскелік дәрігерлер бақылауда.

Санитарлық қызмет мамандары Абай ауданының әкімдігіне, Прокуратураға, ТЖ басқармасына, ІІБ-ге тұрғындар арасында жаппай дертке шалдығу дерегін тіркеу жөнінде ақпараттық хаттар жолдады. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда. Аталмыш мәселе Қарағанды облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бақылауында.