Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2018 жылға арналған ынтымақтастық жөніндегі Іс-шаралар жоспарына сәйкес консулдық мәселелер бойынша Қазақстан-Өзбекстан консультациялары өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстандық делегацияны Консулдық қызмет департаментінің директоры Үмбетбаев Тауболды басқарды, өзбек делегациясын Консулдық-құқықтық департаменті директорының орынбасары Насриев Фариддин басқарды.
Конструктивті және достық атмосферада өткен консультациялар барысында тараптар консулдық саласындағы екі жақты қарым-қатынастардың жай-күйін талқылады, консультациялар нәтижесінде тиісті хаттамаға қол қойылды.
Екі жақты кездесулер барысында туындаған мәселелердің бірі екі елдің туризмін дамытуға ықпал ететін «Silk Road» визасын енгізу болды.