• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қазан, 2018

Солтүстікқазақстандық спортшы әлем чемпионатынан алтын медальмен оралды

245 рет
көрсетілді

Мақсат Нүсіпов  Ұлттық Ұлан Петропавл әскери институтында аға жаттықтырушы болып еңбек етеді. Курсанттарды  қазақ күресінен және қоян-қолтық ұрыс түрінен жаттықтырады.

37 жастағы спортшы Мароккода самбодан өткен әлем біріншілігіне қатысып алтын  медаль тағып қайтты. 35 жастан асқан самбо шеберлері арасында – өткен байрақты бәсекеде жерлесіміз 62 кило салмақ бойынша күресіп, барлық белдесуін жеңіспен аяқтады.

«Чемпионатты самбодан халықаралық әуесқойлар федерациясы ұйымдастырып, 7 салмақ дәрежесі бойынша  22 елден келген 450 самбошы күш сынасты. Алғашқы белдесуде француздық Серутти Фабиенмен кездесіп, жықтым. Ал, ақтық сында Ресейдің әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері  Андрей  Моргалевпен белдесіп, ұттым», дейді  Мақсат.

Ол – қазақ күресінен Еуропа жеңімпазы.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы