Маңғыстауда сырға толы әрі көрiктi жерлер көптеп саналады. Солардың бiрi Торыш – шар тәрiздi конкрециялар (шарлар) алқабы.
Ол Ақтау қаласынан 100 шақырымдай жерде орналасқан. Тамаша каньонда шашылып жатқан тастардың көлемi мен пiшiнi әртүрлi. Кейбiр геологтердің пiкiрiнше тастар 120 миллион жыл бұрын пайда бола бастаған. Осы тас шарлар қайдан түстi немесе Маңғыстау түбегiне кiм әкелген? Мiне, осы мәселеге ғалымдар 250 жыл бойы бастарын қатырып, әртүрлі болжам жасап, бiр байламға келе алмауда.