Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) қазан айындағы ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты. Жариялаған рейтингіне сәйкес Қазақстан ұлттық құрамасы өткен аймен салыстырғанда бір сатыға көтерілді.
Қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 117 орынға жайғасты. Ұлттық құрама қазан айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізді. Сырт алаңда Латвия құрамасымен 1:1 есебімен тең түссе, елордада өткен кездесуде Андорра футболшыларын 4:0 есебімен жеңген-ді.
Станимир Стоилов командасы келесі ойынын 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында Латвиямен өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады. 19 қараша күні біздің футболшылар сырт алаңда Грузиямен ойнайды.
Дайындаған Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан»