27 қазан күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Болжамға сәйкес Астана қаласында метеожағдай нашарлайды және Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларында ластану сақталады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.