• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қазан, 2018

Павлодар облысында құрамында сынабы бар шамдар жойылуда

473 рет
көрсетілді

Облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, 2011 жылдан бастап облыста  жүргізілген жұмыстардың барысында мемлекеттік мекемелерден құрамында сынабы бар 200 мыңнан астам шам жойылған.

Бұл мақсат еліміздің «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдарда бұрын қолданыста болған құрамында сынабы бар энергияны үнемдейтін шамдарды жою жұмыстары бойынша  жүргізілуде.

- 2014 жылдан бастап  бұл шара бойынша жыл сайын  20 мыңға жуық шамдар жойылды. Ескірген шамды кез келген жерге тастауға болмайды. Егер сынап сыртқа төгілсе, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян келтіреді,-дейді  мамандар.

Биыл құрамында сынабы бар шамдарды,  құралдарды жоюға жергілікті бюджеттен 2,9 миллион теңге бөлініпті. Арнайы шартқа сәйкес құрамында сынабы бар шамдарды жинау және шамдарды жою жұмысын «ЭлектроТранс Реелто» ЖШС мамандандырылған компаниясы жүргізуде.  

Кәсіпорын вакуумдау арқылы сынапты жеке бөліп алып, шыны қалдықтарын жеке шығарады. Жиналған сынапты мемлекетке тапсырады. Биыл 400 мыңнан астам шам жойылса, бұдан 3 келі сынап, 20 тонна шыны шыққан. Бір келі сынап алу үшін 1,5 жыл жұмыс жасау керек екен.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР