• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қазан, 2018

Қазақстанда терроризмді насихаттаған 10 адам ұсталды

297 рет
көрсетілді

27 қазанда Алматы қаласында, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарында терроризмді насихаттаған 10 тұрғынын ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Олар интернеттің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдіктелуде. Діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің діндар тұрғындары қатарынан барлығы 180-нен артық қатысушы тұрған.

Сонымен қатар, ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсетуге жеке қатыстылығы туралы деректер тексерілуде.

Тергеу іс-шаралары жалғасуда.