• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қазан, 2018

ШҚО-да жол бойында сілеусін жүр

1066 рет
көрсетілді

«Риддер жақта аю жүр» десеңіз, өскемендіктер өре түрегелсе де, кенді шаһардың тұрғындары селт етпейді. Еті үйренген. Ал «Зырян маңында сілеусін жортып жүр» десеңіз, Алтайдың тұрғындары таңғалмайды. Сілеусін демекші, кешелі бері жергілікті сайттардың бірінде «Өскемен-Зырян» трассасының бойында, жолдың шетімен көліктегі адамнан сескенбестен бүлкілдей жортқан сілеусіннің видеосы тарады.

Еркінсіген түз тағысын Алтай ауданына бара жатқан жолаушылардың бірі ұялы телефонына түсіріп алса керек.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Алтай ауданы