• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қазан, 2018

СІМ: Индонезияда құлаған ұшақтың ішінде қазақстандықтар жоқ

360 рет
көрсетілді

Индонезияда апатқа ұшыраған ұшақтың ішінде қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ-де өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Осы ақпарат белгілі болғаннан кейін бірден біз өзіміздің Индонезиядағы елшілікке хабарластық. Ондағы елшілік өз кезегінде Индонезияның Төтенше жағдайлар министрлігімен байланыс орнатты. Қазіргі таңда Индонезиядағы Төтенше жағдайлар органының алдын ала мәліметі бойынша, аталмыш ұшақтың жолаушыларының арасында Қазақстан азаматы жоқ», - деді Айбек Смадияров.

Естеріңізге сала кетейік, Индонезияның жағалауларындағы ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан 200-ге жуық адам қаза тапты. 

Ол Ява аралының батыс жағалауындағы теңізге құлап кетті.

Индонезиялық БАҚ бортта 188 жолаушы және экипаж мүшелері, оның ішінде 178 - ересек адам, үшеуі бала болғанын мәлімдеген еді.