• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2018

Солтүстік Қазақстан әкімі Азия ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

580 рет
көрсетілді

Аймақ басшысы  Құмар Ақсақалов Индонезияның Джакарта қаласында өткен ХVIII Азия ойындарының жеңімпаздарымен кездесіп, ақшалай сыйақылар табыс етті.

ХVIII Азия ойындарына өңірден  12 спортшы қатысып, 6 медальмен оралды. Велошабандоз Алексей Луценко командалық және жеке жарыста жеңімпаз атанып, екі алтын медаль  иеленді. Ол сонымен қатар 2018 жылдың қорытындысы бойынша Азияның үздік велошабандозы болды.

Жеңіл атлетші, Азия ойындарының 4 дүркін жүлдегері Маргарита Мукашева Джакартадан күміс медальмен оралды.  Баласы бірге енді ғана толған желмен жарысқан желаяқтың бұл жетістігін Құмар Іргебайұлы үлкен ерлікке теңеді. Біір қола жүлде жеңіл атлетші Михайл Литвинге бұйырды. Артем Захаров екі қола медальді еншіледі.  

Спортшылар Параазиялық ойындардан да олжалы оралды. 47 жастағы Сергей Харламов ұзындыққа секіруден қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшылардың қоржынына тағы бір қола жүлдені  ядро лақтырудан Иван Залезняк салды.

Қ. Ақсақалов еліміздің намысын қорғаған, Индонезия төрінде көк туымызды желбіреткен спортшыларға облыс тұрғындары атынан шынайы алғысын білдірді.

 Жаттықтырушыларға да ақшалай сыйақылар табыс етілді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы