• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Хоккей 02 Қараша, 2018

«Барыс» «Тракторға» есе жіберді

270 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» биылғы мауымда тамаша өнер көрсетіп, соңғы алты бәсекенің барлығында жеңіске жеткен еді. Өкіншіке қарай, кеше олар Челябінің «Тракторына» есе жіберді.

«Барыс Аренада» өткен матчтың 3-минутында астаналық ойыншы Антон Сагадеев есеп ашса, көп кешікпей Йонас Энлунд таразы басын теңестірді. 28-минутта Антон Глинкин қонақтар командасын алға шығарды. Бұл есеп ұзаққа дейін сақталды. Сол уақыт аралығында қос клубтың ойыншылары сан мәрте керемет шабуылдар ұйымдастырғанымен, қақпа кілтін таба алмады.

Ал 55-минутта Александр Рыбаков нысананы тағы бір мәрте дәл көздеген сәтте «енді жағдайды өзгерту мүмкін емес» деп ойлағанымыз рас. Алайда жанкештілік танытқан айдын иелері бір жарым минут аралығында екі мәрте мергендік танытып, жергілікті жанкүйерлерді бір шаттандырып тастады. Бұл голдардың авторлары – Даррен Диц пен Патрис Кормье. Бірақ овертаймда «Трактордың» бағы жанды. Александр Шаров соққан шайба Челябіден келген командаға жеңіс әперді. Есеп – 3:4.

Қазіргі кезде «Барыс» тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде 7 орында келеді. 22 кездесуден кейін жерлестеріміз 33 ұпай жиып отыр. Ертең астаналықтар Минскіге сапар шегіп, жергілікті «Динамо» клубымен шеберлік байқасады.   

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»