«Румыния – Қазақстан» екіжақты сауда-өнеркәсіп палатасы және Қазақстан Республикасының Румыниядағы Құрметті консулдығы Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауымен зор ықыласпен танысты.
Айта кету керек, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап Президент Н.Назарбаев елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына баса назар аударып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар енді Президенттің жаңа Жолдауы аясында жалғасын таппақ.
Президенттің биылғы Жолдауы бұған дейін жарияланған барлық стратегиялық құжаттармен, сондай-ақ «Қазақстан-2050» стратегиялық даму бағдарламасымен үйлесім тапқан.
Біз бүкіл қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқатын жақсартуға арналған жаңа кезеңнің басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сонымен қатар Қазақстан мен Румыния арасында қалыптасқан үйлесімді әріптестік қатынастарды дамыту үшін одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігімізді жеткізгіміз келеді.
Петру ЛИФИЧИУ,
«Румыния – Қазақстан» екіжақты сауда-өнеркәсіп палатасының президенті, Қазақстанның Құрметті консулы
Николае ГЕНЧУЛЕСКУ,
«Румыния – Қазақстан» екіжақты сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті