• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Бокс 15 Қараша, 2018

Саңлақтар спортпен қоштасты

378 рет
көрсетілді

Апта басында қазақстандық БАҚ өкілдері боксшы Әділбек Ниязымбетовтің былғары қолғабын шегеге ілгені туралы жарыса жазды.  

Бұл ақпаратты ең бірінші болып елге жет­кізген «Егемен Қазақстан» еді. Соны­мен қатар 91 килода Азия ойындарының жеңім­пазы атанған Ан­тон Пинчук та спорт­тық ғұмырын аяқта­ғанын айтты. 

Қазақ футболының қазіргі уақыттағы үздік шабуылшысы (167 гол), аңызға айналған футболшысы Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл») пен футбол әлеміне кеңінен танымал болған ресейлік Андрей Аршавин де («Қайрат») карьерасын аяқтады. Сондай-ақ қазақстандық дзюдошылар Максим Раков пен Азамат Мұқанов та татамимен қоштасатындарын мәлімдеді. Раковтың спорттық ғұмырындағы ең үздік нәтижесі әлем және Азия чемпионы атанғаны болса, Мұқанов үшін әлем чемпионатының күміс жүлдесі ең үздік көрсеткіш саналады. Сонымен қатар Азамат 2010 жылы самбо спортынан әлем чемпионы атанған.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»