• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2010

ӘКІМ ЕСЕП БЕРДІ, ЕЛ НЕ ДЕДІ?

884 рет
көрсетілді

Барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру кездесулерінің қорытындысы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығына сәйкес үстіміздегі жылдың 10 қаңтары мен 12 ақпаны аралығында республика өңірлерінде барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен 8915 есеп беру кездесуі өтті, оған 1 миллионнан астам адам қатысты. Әлеуметтік және экономикалық сипаттағы мәселелерді қозғайтын 28 мыңнан астам сұрақ келіп түсті. Есеп беру кездесулеріне жоғары мемлекеттік органдардың өкілдері мен Қазақстан Республикасы Пар­ламентінің депутаттары қатысты. Өңірлердегі тұрғындармен кез­десулердің барысында 2009 жылы дағдарысты еңсеруде мемлекет тарапынан көрсетілген көмек үшін Мемлекет басшысына, Үкіметке алғыс айтылды. “Жол картасы” ая­сын­да дағдарысқа қарсы іс-шара­лар­ды іске асыру, жаңа мектеп­тер­дің, балалар бақшаларының және денсаулық сақтау объектілерінің ашылуы, мәдениет пен спорт объек­тілерінің материалдық-тех­ни­калық базаларын нығайту, комму­нал­дық инфрақұрылымдарға жөн­деу жүргізу және елді мекендерді абаттандыру істері халықтан кеңі­нен қолдау тапты. Көптеген әкімдіктер кездесулер ұйым­дастырудың жаңа түрін белсенді пайдаланды. Мы­са­лы, қазіргі заманғы технологияның арқасында Ақтөбе, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұр­ғындары барлық аудандар мен қалаларда өңірлер әкімдерінің есеп беру кездесулерін тікелей эфирден қарау мүмкіндігіне ие болды. Кездесулер азаматтардың ком­му­налдық қызмет бағасының көте­рі­луіне, рұқсаттама құжаттарын беру кезінде жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімсіздігіне, жылумен және сумен жабдық­таудағы проблемаларға байланысты айтарлықтай алаңдаушылықтар бар екенін көрсетті. Бірқатар мәселелер денсаулық сақтау жүйесін реформа­лауға, жолдарды дер кезінде таза­лауға, елді мекендердің аумағына тазалық жұмыстарын жүргізуге, қоғамдық көліктің қозғалысын ұйымдастыруға және өзге мәсе­лелерге қатысты болды. Есеп беру кездесулерінде ком­му­налдық және монополияға қарсы қызметтегілердің, құқық қорғау ор­гандарының тұрғындардың алдын­да есеп беруін өткізу қажеттігі ту­ралы мәселе бірнеше рет қойылды. Қазіргі уақытта ұсыныстар мен ескертпелерді іске асыру шаралары әзірленді, жергілікті атқарушы органдардың бақылауы қамтамасыз етілді. Есеп беру кездесулері іскерлік жағдайда өтті, облыстар мен қала­ларды, аудандарды, ауылдар мен кент­терді дамытуда анағұрлым өзек­ті проблемалар жөнінде сын­дарлы пікір алмасулар болды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстар бөлімі.