• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2012

Допты хоккей додасы

802 рет
көрсетілді

Допты хоккей додасы

Ертең Алматыда допты хоккейден әлем чемпионаты басталады

Соңғы кездері Алматы да басқа елдердің әйгілі қалалары сияқты үлкен халықаралық жарыстардың орталы­ғына айналып отыр­ған­дай. Былтыр Қысқы Азия ойындарының басым бө­лігі өткен ару Алматыда тағы бірнеше бай­­рақты додалар ұйымдастырыл­ға­нын біле­міз. Солардың бірі – жақында ғана Балуан Шолақ атындағы спорт және мә­дениет сарайында дзю­до күресінен өткен «Әлем ше­­­бер­лері» атты ғаламат белдесулер.

Соңғы кездері Алматы да басқа елдердің әйгілі қалалары сияқты үлкен халықаралық жарыстардың орталы­ғына айналып отыр­ған­дай. Былтыр Қысқы Азия ойындарының басым бө­лігі өткен ару Алматыда тағы бірнеше бай­­рақты додалар ұйымдастырыл­ға­нын біле­міз. Солардың бірі – жақында ғана Балуан Шолақ атындағы спорт және мә­дениет сарайында дзю­до күресінен өткен «Әлем ше­­­бер­лері» атты ғаламат белдесулер. Алматыға бір мезгілде 9 олим­пиада, 19 әлем чемпионы, та­ғы бірнеше Олимпиада және әлем чемпио­нат­та­ры­ның жүл­­­­­де­­­­гер­ле­рі қатысқан белдесулерде біздің қыз-жі­­­гіт­терімізден Максим Раков алтын, ал Гүл­­жан Исанова қола жүлдені жеңіп алған болатын.Енді, міне, Алматыда тағы бір үлкен до­даның жалауы желбірегелі тұр. Бұл – рекордтар ұс­та­ханасы атанған, Іле Алатауы­ның қой­­­­­­науында ор­ын тепкен бүкіл қазақ­стан­дық­­­тар­дың мақтаны­шы, атақты «Медеу» мұз айдынында өтетін допты хоккейден әлем чемпионаты. Қазақ топы­ра­ғында алғаш рет өткізіл­гелі отырған чемпио­нат­тың ашылу сал­танаты 29 қаңтарда өтіп, ойындар 5 ақ­панға дейін жалғасатын болады.Осы байрақты бәсекелерге әлемнің 14 елі­­нің ұлттық құрамалары қатысатыны нақт­ы­­­ланған. Олардың арасында Қазақстан, Финляндия, Швеция, Норвегия, АҚШ, Ресей си­яқты елдердің командалары бар. Бұл елдер­дің бәрі жоғары дивизионда әлем чемпионы атағын са­рапқа салса, «В» тобын­да­ғы Беларусь, Канада, Голландия, Венгрия, Латвия командалары жо­­ғары дивизионға жолдама алу үшін күш сынасады. Ал «С» тобындағы Эстония, Украина, Жа­пония мен Литва өзара үздіктерді анықтайды.Осы үш топқа бөлінген елдердің ойындары мы­на жерлерде өт­кізіледі. Яғни, «А» то­­­бындағы құрамалар «Медеу» мұз айдынын­да бақ сынасса, қалған екі топтың командалары ойындарын Орта­лық стадион­ның жа­нын­­­дағы қосалқы алаңда өткізеді.Жалпы, Алматыда допты хоккейден әлем чемпионатын өткізу ту­­­­­ралы шешім был­тыр­ғы Қысқы Азия ойындары кезінде қа­был­данған бо­латын. Жақында Ха­­­лық­­­ара­лық допты хоккей қау­ымдас­тығының пре­­­­­зи­­ден­ті Борис Скрын­ник Алматыға келіп, «Медеу­дің» әлем чемпио­натын еш қиын­дықсыз, жо­ға­ры дең­гей­де өткізетініне тағы бір көз жет­кізіп кетті. Сол кезде Алматыға допты хок­кей­дің мық­­тылары саналатын Ресей мен Шве­ция құрамалары да келіп, мұз айды­ны­ның сапасын байқап көрді. Сөйтіп, халық­ара­лық қауым­дастықтың жауапты лауазым иелері «Медеуде» әлем чемпионатын өткізуге рұқсатын берді.Алдағы жексенбіде Алматыда басталатын чем­пионаттың өзіне тоқталсақ, бұл саны жа­ғы­нан ең көп елдер қатысатын әлем чемпионаты болғалы отыр. Мұның алдында, 2009 жылы Швецияда өткен додаға 13 елдің өкіл­дері қа­тысқан болатын. Ал Қазақстанда өте­тін чем­пио­натқа 14 елдің құрамасы қатыспақ.Әлем чемпионаты жарыс ережесіне сәй­кес 3 топқа бөлінген командалардың ара­­сын­да олар­дың шеберлік деңгейіне қарай өткі­зіледі. Яғни, «А» тобында ең мықтылар, «В» тобында ортаң­қол командалар, ал «С» тобында доп­ты хоккейді дамытуды енді ғана қолға алған елдердің құ­ра­малары күш сынасады. Мұнда бірден айту керек, теледидардан тек «А» то­бындағы команда­лар­дың ойындарынан ғана репортаждар бері­ліп тұра­ды. Біздің жанкүйер­лер жарыс бас­талған күн­нен соңына дейін ұлттық құра­мамыздың ойындарын «Еларна» телеарнасы арқылы тамашалай алады. Қа­зақстан құрамасының Нор­вегия құрамасымен болатын алғашқы ойыны 29 қаңтар күні сағат кешкі 22:00-де көрсетіледі.Әлем чемпионы атағынан үміткерлердің қата­рына Ресей, Швеция және Финляндияны жат­қы­зуға болады. Дегенмен, Ресей құрама­сы­ның бап­кер­лері командалардың деңгейін сөз жүзінде айту бір бөлек, мұз айдынында олар­мен айқасу бір бөлек деп санайды. Ал Норвегия, Швеция тарапы Қазақстан мен Ресей және Финляндиядан сеске­нетіндерін айтуда.Қазақстан құрамасы негізінен Оралдың «Ақ­­­­жайық» командасынан жасақталған. Рас, ұлттық құрамада Ресейден келген ойыншылар да жоқ емес. Бірақ олардың бәрі көрші елдің бірін­ші­лігінде ойнап жүрсе де, Қазақ­­станның азамат­­­ты­ғын алған хоккей­ші­лер. Жалпы, Қазақстан құра­масы негізі­нен бұ­­рын­­­ғы ойыншылардан құралып отыр. Әлем чемпионаты өз елімізде өтетін­діктен, біздің бапкерлер Ресейден Қазақ­стан­ға қатысы бар біраз ойыншыларды алдыртты. Чемпионатты ұйымдас­тыру коми­тетінің өкі­лі Сұл­тан­бек Сыз­ды­қов­тың айтуынша, ұлттық құ­ра­маның бапкері өзгерген жоқ, бапкеріміз Қысқы Азиада алдында тағайын­далған Алексей Никишов.Чемпионат өз елімізде өтетіндіктен, ал­ды­­­мыз­ға жүлделі орындардың бірінен көріну мақ­сатын қойып отырғанымызды да жасы­ру­­дың жөні жоқ. Ал бұған дейін еліміз құра­ма­сы екі мәрте қола медальға қол жеткізген болатын.Дастан КЕНЖАЛИН.