• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2012

Үшінші мәрте үштіктен көріндік

697 рет
көрсетілді

Үшінші мәрте үштіктен көріндік

Алматыда аяқталған әлем чемпионатында қазақстандық допты хоккей шеберлері қола жүлдеге қол жеткізді

«Медеу» мұз айдынында допты хоккейден өткен 32-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Азия аумағында тұңғыш рет өткізілген бұл чемпионаттың жоғары деңгейде ұйымдас­ты­рыл­ғанын шетелдік мамандар мен спорт журналистері тұшынып айтты. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды.

Алматыда аяқталған әлем чемпионатында қазақстандық допты хоккей шеберлері қола жүлдеге қол жеткізді

«Медеу» мұз айдынында допты хоккейден өткен 32-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Азия аумағында тұңғыш рет өткізілген бұл чемпионаттың жоғары деңгейде ұйымдас­ты­рыл­ғанын шетелдік мамандар мен спорт журналистері тұшынып айтты. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Швеция құрамалары арасында бендиден өткен әлем чемпио­наты­ның жартылай финалдық ойынын тамашалады.Бұған дейін Швеция құ­ра­ма­сымен болған жартылай финал­дық кездесу өте тартысты әрі шиеленісті өтті. Қос команда да ақтық сынға өту жолында ба­рын салды. Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ біздің жігіттер шведтерге жіберіп алған әуе­лгі есесін қайтара алатын­ды­ғын танытып, жігерлі ойын өрнегін көрсете білді. «Медеуді» басына көтере айғайлаған жан­күйерлерін жерге қаратпауға бекінгендей. Толассыз жауған қар толарсаққа жетсе де, осы жолы Швеция құрамасын қалайда же­ңу­ге бекініп шыққан мінез анық байқалды. Бірінші таймда екі команда қарсыластарымен бір-бір голдан алмасып, ойын тең есеппен аяқталды. Бұл күні қардың тоқтаусыз жауғанына байла­ныс­ты әдеттегідей 45 минуттан екі тайм ойналмай, бендиде рұқсат етілген ережеге сай жарты са­ғат­тан үш тайм ойнауға тура келді.Екінші таймда алаңдағы жағ­дай аса тартысты басталды. Ойынның екінші бөлігінде қа­зақ­стандықтар қарсыластар қақ­­па­сына бір доп енгізіп алға шықты. Көп ұзамай пенальтиден үшінші голды да сәтімен соқты. Қарсыласына қарымта соққы беріп шебер ойын өр­негін көрсетудің орнына шведтер бармақ басты, көз қысты әрекеттерге дейін барғанын айта кеткеніміз жөн. Үшінші тайм­да шведтер алғашқы бұ­рыш­тамасын сәтті пайдаланып, біздің қақпаға гол соқты. Есеп айырмасы «минимумға» дейін қысқарып, айдындағы ойын­ның көрігі қызды. Шабуылға түбегейлі көшкен скандинавия­лық­тар қорғанысты ұмытып, опық жеді. Соңғы ысқырыққа 12 минут қалғанда Никишовтің шәкірттері төртінші голын соқ­ты. Ал ойын бітуге санаулы-ақ секундтар қалғанда бұрышта­ма­дан берілген кезекті доп Қа­зақстан құрамасының қақпа­сы­на енді. Матчтың негізгі уа­қы­т­ы 4:4 есебімен тең аяқталып, жеңімпазды анықтау үшін ойын овертаймға ұласты.

«Алтын доп» қақпа то­рын­да тулап жатқанға дейін жал­ғасатын овертаймда жанкүйер күткендей жаңалық болмады. Шешуші сәтте екі команда да бір-біріне беріспей, тең дәре­же­де ойын жүргізді. Ойын соңы­нан берілетін 12 метрліктердің сериясында сәттілік қонақтар жағында болды.Қазақстандық допты хоккей шеберлері үшінші мәрте қола жүлдеге қол жеткізді. Бірақ бұл жолы қа­зақ жұрты мұз үстіндегі мін мен сынды өз көздерімен тамашалап, өз көңілдерімен көкей­ге түйді. Төрешілер тарапынан жасалатын қысастық пен түрлі айланың куә­сі болып, өз елінің намысы үшін ақ қар, көк мұзда «Медеуге» ағыл­ды. 10 рет әлем чемпионы атанған Швеция секілді елмен бір деңгейде ойнау, кей ретте басымдық таныта білу – ерлікпен пара-пар іс. Біздің жігіттеріміз мұндай ойыны үшін тек мақтауға лайық. Бұл допты хоккейден қа­тысып отырған соңғы чемпиона­ты­мыз емес. Алда әлі талай жарыстар мен сын сағаттар бар. Шын мықтыны шынайы танитын кез әлі талай туады. Осы жолы да қазақстандық бендишілер өз өне­рімен талай елді тәнті ете білді. Әсіресе, Швеция құрамасымен болған қарымта кездесу спорт тарихында «шведтерді састырған күн» ретінде атап өтуге әбден тұрарлық.Расында, мұндай ойынды қа­зақстандық бендишілерден көбі күтпеген еді. Бұл ойын нағыз фи­налдағы ойын сияқты өтті. Бірақ, қонақтар жағынан кеткен бір әттеген-айды да айта кетпеске болмайды. Сол күні бендиден Қазақстан бапкерлері Швеция құрамасының үстінен шағым тү­сірді. Оның себебі, қонақтардың ойынға қосылмаған Даниэль Мосс­берг деген ойыншысын матч­қа тіркетпей, ешкімге ескертпей ай­дынға шығарғаны болды. Мұн­дайға біздің бапкерлер жол бере ме, құрама бапкері Алексей Никишов пен федерация өкілдері жеделғабыл Швеция тарапының өрескел қателік жібергенін ай­тып, Халықаралық бенди федера­циясына шағымданды. Аты дардай бұл ұйым, өкінішке қарай, біздің шағымымызды ескермей, шешімді Швецияның пайдасына шығарды.Осы оқиғаға байланысты өт­кен арнайы жиында FIB бас­шылығы Қазақстанның шағымын қарастырып, Швеция құрамасына айыппұл салды. Сөйтіп, тізімдегі жоқ ойыншыны матчқа қосқан Швеция бар болғаны 2500 еуро төлеммен құтылды. Міне, осыдан кейін Скандинавия өкілдері финалға жолдама алып, онда Ресей құрамасын 5:4 есебімен жеңіп, 11-ші рет әлем чем­пио­ны атанды. Ал біздің ел жар­ты­лай финалда ресейліктерден 6:4 есебімен жеңілген Финлян­дияны үшінші орын үшін өткен матчта 10:5 есебімен ұтып, қола жүлдені иеленді.Сөйтіп, Алматыда бір жетіге созылған әлем чемпионаты аяқталды. Бұл бәсеке, шыны керек, біздің Швециямен бол­ған кездесудегі қателіктер және Халықаралық бенди федера­ция­сы басшылығының соған бай­ланысты бұрыс шешім қа­былдағаны болмаса, өте жоғары деңгейде өтті. Енді бізді биыл тағы бір бенди бәсекесі күтеді. Әлем чемпионаты кезінде осы жылдың соңында, яғни желтоқсанда Алматы төрінде бендиден Азия чемпионатының өтетіні белгілі болды. Бұл ту­ра­лы Қазақстан бенди ода­ғы­ның баспасөз қызметі мәлімдеді.Қанат ЕСКЕНДІР, Алматы.Суреттерді түсірген  Юрий БЕККЕР.