Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Дүниежүзілік бокс сериясы бойынша «Astana Arlans» пен италиялық «Dolce&Gabbana Milano Thunder» командаларының арасында өткен жекпе-жекте «қасқыр жігіттердің» бағы жанды.
Бұл күнге дейін қарсылас шыдатпаған миландық құрама біздің жігіттермен кездесуге Украина және Африка боксшыларынан құралған мықты топпен келді. 53,8 кг. салмақта алғашқы болып қолғап түйістірген қазақстандық легионер Хабибулла Исмаил-Ахунов пен украиндық Виталий Волков арасындағы жекпе-жек өте тартысты өткенімен, біздің жігітке қарағанда қарсыластың шеберлігі басым екендігі анық байқалды. Волков WSB көрсеткіші бойынша рейтингтік 12 сатыда тұрған боксшы.
Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Дүниежүзілік бокс сериясы бойынша «Astana Arlans» пен италиялық «Dolce&Gabbana Milano Thunder» командаларының арасында өткен жекпе-жекте «қасқыр жігіттердің» бағы жанды.
Бұл күнге дейін қарсылас шыдатпаған миландық құрама біздің жігіттермен кездесуге Украина және Африка боксшыларынан құралған мықты топпен келді. 53,8 кг. салмақта алғашқы болып қолғап түйістірген қазақстандық легионер Хабибулла Исмаил-Ахунов пен украиндық Виталий Волков арасындағы жекпе-жек өте тартысты өткенімен, біздің жігітке қарағанда қарсыластың шеберлігі басым екендігі анық байқалды. Волков WSB көрсеткіші бойынша рейтингтік 12 сатыда тұрған боксшы.
Қанша жерден Хабибулла оны бұрышқа тақап соққының астына алғанымен, миландық шебер нақты да сауатты соққысымен басым түсіп отырды. Кездесудің алғашқы жеңісіне қонақтар ие болғаны айдан анық.Есесіне, жанкүйерлердің делебесін қоздырып, өте әсерлі ойын өрнегін көрсеткен Мерей Ақшалов болды. Ол Миклош Варга есімді венгр жігітімен қолғап түйістіріп, алғашқы кеткен есені жақсылап қайырды. Айта кету керек, 60 кг. салмақтағы Мерей WSB көрсеткіші бойынша рейтингтік 12 сатыда тұр, содан да болар, қарсыласын алғашқы раундтан-ақ қуалап жүріп төпеп салды. Есеп – 1:1.Қалың жұртшылық сенім артып, аса тартысты өтеді және жеңісті боламыз деген үшінші жұп Қанат Ислам (72,8 кг.) мен Сергей Деревянченко арасындағы кездесу біздің пайдаға шешілмеді. Шебер боксшымыз Қанат бұл жолы сылбыр ойнады. Жалпы, бұл кездесуде біздің жігіттердің бәрі дерлік шаршаңқы көрініп, алғашқы 3 раундтан кейін қарсыласының ашық иегін көздей алмай жүргендері рас-тын. Қазақстан құрамасының капитаны Қанат Ислам WSB көрсеткіші бойынша рейтингтік 12 сатыда, ал оның қарсыласы Сергей Деревянченко 1 рейтингтегі мықты боксшы. Бағы ма, әлде бабы келмеді ме, әйтеуір Қанат қарсыласының мысы басқандай тым солғын бокстасты. Оның жеңілісі жанкүйер біткеннің көңілін түсіріп қана қоймай, миландықтардан тағы да жеңіліп қаламыз ба деген күдікті күшейтіп жіберді.83 кг. салмақтағы Қазақстан құрамасындағы алжирлік легионер Әбделфахид Беншабла Милан тобындағы француз жігіті Людовик Грогуамен күш сынасты. Бұл өте жауапты кездесу еді. Сондықтан да спорт сарайына жиылған көрермен құлақ тұндыра айғайлап, қазақстандық боксшыны арқаландырудан танбады. Бар жауапкершілікті терең сезінген Әбделфахид та барын салды деуге әбден болады. Бес раунд бойына мықты қарсыластың осал жерін іздеп, мейлінше сайыс тізгінін өз қолына алуға тырысты. Оның жігерлілігі Қазақстан қоржынына жаңа жеңіс пен әлемдік биікке көтерілуге бір табан жақындату мүмкіндігін алып келді.Кездесудің соңғы жұбы ринг төріне көтерілгенше жанкүйерде дегбір болмады. 99 кг. салмақтағы Руслан Мырсатаев пен Ромарик Нгула Тангум арасындағы жекпе-жек көрер көзге қызық және ел намысы таразыланатын сәт еді. Қанаттан жеңіс күтіп меселі қайтқан жанкүйер бұған дейін де қысылтаяң сәттерде сағымызды сындырмаған Русланды тікесінен тік тұрып қарсы алды. Милан тобында өнер көрсететін камерундық Ромарик Нгуланың дене бітімі мен рингтегі мысы шынында да жеңісті шаппай сұрауға лайық екен. Салған жерден Русланға тарпа бас салғанда залдағы жұрт қолжетім жердегі жеңістен қағылдық-ау дегендей, сәл тіксініп-ақ қалған.Жанкүйердің қолдан келер қайраны айғайға ысқырық қосып өз боксшысына дем беру ғана. Шомбал жұдырықтардың гүрс-гүрс үні мен ринг сыртындағы бапкерлердің шырылдаған дауысы, аруақ шақырысқан жұрт, соңғы үміт, бәрі-бәрі спорт сарайының ішіне сыймай жатқандай әсер қалдырды. Алма-кезек соққыласып жүріп үшінші раундты да аяқтады екі дәу. Әр соққыда талай күш жұмсап, ауыр салмақты көтеріп жүрудің қаншалықты қиын екендігі сырт көзге де анық сезіліп тұрды. Русланға қарағанда қарсыласы тың көрініп, біздің жігіттің соққылары дарымай жатқандай болған.Сөйтсек, оның бәрі бір мезеттік шешуші соққыға тұрмайды екен. Бурадай шабынып келесі шабуылға ұмтылған сәтте Русланның соққысы Ромарикті тәлтіректетіп жіберді. Жұрт шулап орындарынан қарғып тұрды. Төрешінің санағына селт етпеген камерундық қайта шабуылдай беріп, тағы бір мықты соққыға тап болды. Осы сәт рингке оның бапкері орамал лақтырып, өз шәкіртінің таза жеңілгенін еріксіз мойындады. Жеңіс біздікі!Бұған дейін «Dolce&Gabbana Milano Thunder» қарсылас біткенді бет қаратпай жеңіп келген мықты құрама еді. Қазақстан жағының жігіттері екінші орынды иеленіп қана жүрмей, мықты қарсыласқа мықты соққы бере алатындықтарын паш етті. Енді ақпанның аяғына таман Алматыда «Astana Arlans» құрамасы Үндістан боксшыларымен кездеседі. Оған дейін келер аптада Мәскеуде өтетін «Динамомен» болатын кездесуде ел намысын тағы бір таразыламақ. Қазақ елін әлемге танытып жүрген батырларымызға тек сәттілік тілейміз.Қанат ЕСКЕНДІР,Алматы.